Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Биыл ирригация жүйелеріндегі су шығыны 250 млн текше метрге дейін азайды

Биыл ирригация жүйелеріндегі су шығыны 250 млн текше метрге дейін азайды

2025 жылы елімізде ирригациялық жүйелерді қайта жаңғырту нәтижесінде су шығыны 250 миллион текше метрге дейін қысқарды.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті хабарлады.

Министрлік мәліметінше, су үнемдеуге қол жеткізу ирригациялық және дренаждық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстарының арқасында мүмкін болды. Атап айтқанда, жыл басынан бері:

  • 8,47 шақырым канал,

  • 11,2 шақырым коллекторлық-дренаждық жүйе,

  • 27 су ұңғымасы реконструкциядан өткізілді.

Аталған шаралар 95 мың гектар жерді суармалы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаевтың айтуынша, бүгінде елімізде су ресурстарын тиімді басқару бағытында 14 ірі жоба іске асырылып жатыр. Бұл жобалар 2026-2027 жылдары аяқталуы тиіс.

«Бұдан бөлек, тағы 211 жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр», – деді Арсен Жақанбаев.

Министрлік су тапшылығының алдын алу, егістік алқаптарды сапалы сумен қамту және ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды алдағы жылдары да жалғастырмақ.

Ұқсас материалдар