Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

BYD ресми түрде Тәжікстанда сатыла бастады. Ал Қазақстанға қашан келетіні белгісіз

 BYD ресми түрде Тәжікстанда сатыла бастады. Ал Қазақстанға қашан келетіні белгісіз

8 күн бұрын BYD ресми түрде Тәжікстанда сатыла бастады. Душанбеде ашылған екі автосалонда гибридті Song Plus DM-i және Chazor, сондай-ақ электрлік Song Plus EV және e2 сатылымға шықты. Тәжікстан BYD ресми өкілдігін ашқан Орталық Азиядағы екінші мемлекет.

Бұған дейін бірінші болып Өзбекстанда сатыла бастады. Мұнда BYD зауыты да жұмыс істейді. 2 күн бұрын Өзбекстанда құны 10 млн теңгені құрайтын BYD -дің ең арзан кроссоверлерінің бірі - Yuan Up сатыла бастады. Кроссоверді шағын бөлшектерден жинауды Жизақтағы BYD зауыты жүзеге асырмақ. Қазіргі кезде бұл зауыт Chazor және гибридті Song Plus DM-i шығарады. Елде BYD-дің үлгісі сатылады.

Yuan Up Chevrolet Tracker мен Hyundai Creta шамалас толық электрлі кроссовер. Дизайны жағынан қытайлық көптеген көліктерді қайталайды. Сыртқы кузовы ықшамды, 5 орындық, салонның алдыңғы бөлігінде дәстүрлі монитор, цифрлы панель орналасқан. Көлік 177 а.к. электр қозғалтқышымен жұмыс істейді. Мотордың толық қуатты 401 шм-ға жетеді.

Қаңтар-қыркүйек аралығында Өзбекстанда 11 580 ресми BYD сатылған. Бұл туралы UzAuto компаниясының өкілдері хабарлады. Өзбекстандағы сатылым көлемі бойынша BYD Chevrolet пен Kia-дан кейін үшінші орынға ие болған. Брендтің бұл елдегі ең танымал үлгісі - гибридті кроссовер BYD Song Plus Champion DM-i.

Бір қызығы, Орталық Азиядағы дистрибьюторы соның ішінде Өзбекстан мен Тәжікстандағы қазақстандық Astana Motors. Бірақ Қазақстанның өзінде әлі ресми сатылымы басталған жоқ. Жоспар бойынша биылғы көктемде деген ақпарат шыққан. Алайда сертификаттаудағы қиындықтарға байланысты кейінге қалдырылады. Кейін сертификаттау қыркүйек-қазан айларында аяқталады делінгенімен, қазан айының ортасынан асты, бұл туралы ресми ақпарат жоқ.  Түрлі ақпарат көздері гибридті BYD Song Plus DM кроссовері сертификаттаудан өткенін айтады. BYD-дің Қазақстандағы ресми сайтында Han EV, BYD Song Plus EV.мен BYD Song Plus ОМ-і жарнамасын көруге болады. Демек, ресми сатылым басталса, осы үш үлгі алғашқы болып саудаға шығады деген сөз. Astana Motors 2025 жылы барлығы 8 үлгінің сатылатынын бұған дейін хабарлаған.

Фото: Asia-Plus

Ұқсас материалдар