
2024 жылы елімізден барлығы 22 014,9 тонна сиыр еті шетелге сатылды.
Қазақстанда бұл ет түрінің жылдық өндірісі шамамен 400 мың тонна, яғни экспорт үлесі өндіріс көлемінің 5,5%-ын құрайды. Бұл деректі бұрын ауыл шаруашылығы вице-министрі болған сарапшы Төлеутай Рахымбеков келтірді.
Сыртқы сауда мәліметтеріне сүйенсек, еліміз негізінен екі санаттағы сиыр етін экспорттаған – жас және салқындатылған және мұздатылған.
-
Жас және салқындатылған ет:
2024 жылы 21 507,3 тоннасы 90,4 млн доллар сомаға сатылған. Орташа бағасы – шамамен 4,2 доллар/кг (2200 теңге).-
Өзбекстан – 20 660 тонна (96,1%)
-
Тәжікстан – 496 тонна
-
Иран – 298,4 тонна (5,6 доллар/кг)
-
БАӘ – 32,8 тонна (10,9 доллар/кг)
-
Грузия – 20 тонна (4,61 доллар/кг)
Осы санат бойынша импорт небәрі 9 тонна болды (30,2 доллар/кг), оны тек АҚШ жеткізді.
-
-
Мұздатылған ет:
2024 жылы 507,6 тоннасы 2,49 млн долларға сатылды (4,9 доллар/кг).-
Қырғызстан – 193,2 тонна
-
Өзбекстан – 134,2 тонна
-
Тәжікстан – 113 тонна
-
Қытай – 60,8 тонна
-
БАӘ – 6,4 тонна
Ал мұздатылған сиыр етінің импорты 7 141,6 тонна болды (4,2 доллар/кг), жалпы құны – 29,93 млн доллар.
-