Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Даму» Қоры «Өрлеу» бағдарламасы бойынша цифрлық теңгемен алғаш несие берді

«Даму» Қоры «Өрлеу» бағдарламасы бойынша цифрлық теңгемен алғаш несие берді

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Қазақстан Ұлттық банкінің қолдауымен «Өрлеу» бағдарламасы бойынша алғашқы жеңіл несиені жылына 12,6%-бен Halyk Bank арқылы берді.

Цифрлық теңгені пайдаланған тұңғыш клиент – павлодарлық кәсіпкер Виталий Кремберг. Оның жобасы үй жануарларының түбегіне гигиеналық толтырғыш ретінде қолданылатын түйіршік/абсорбент шығаратын кәсіпорнын салу, сондай-ақ құрылыс, ауыл шаруашылығына және экологиялық мақсаттарды (мысалы, жанар-жағармай төгілген апаттың салдарын жою) көздейді.

Бизнеске жаңашыл көзқарастағы бұл кәсіпкер заманауи технологияларды қолдана отырып өндірісті дамыту үшін соны өнім – цифрлық теңге несиесін таңдады.

«Біз бұл жобаны тек бизнес үшін бастаған жоқпыз. Біз өзіміз мақтан тұтатын өнім – сапалы отандық сіңіргіш жасағымыз келеді. Бұл жануарлардың түбегін толтырғыш сорбент қана емес, бұл фермада, құрылыста, экологияда қолданылатын әмбебап шикізат. «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау – біздің бастапқы капиталымыз болды. Біз цифрлық теңгені технологиялық, жариялы және ұзақ мерзімді дамуға бағдарланған жаңа кезеңіміздің символы ретінде пайдаланамыз. Біз өзімізге артылған бұл сенімді нақты өзгерістерге айналдырғымыз келеді. Яғни елде жоғары стандартқа сай өнім пайда болып, біздің бизнесіміз тұрақты, жауапты өндірістің символына айналуы үшін еңбек етеміз», – дейді Виталий Кремберг.


Жаңа қаржылық құрал бизнес үшін ыңғайлы. Артықшылықтары:

  • Онлайн рәсімдеу;
  • Өтінім жылдам қаралып, қаражат тез түседі;
  • Мемлекеттік бағдарламалардың шарттары жариялы түрде орындалады;
  • Салық тексерісі болмайды. Бұл – әкімшілік және қаржылық кідірістер туғызбайды;
  • ҚҚС қайтару мерзімі 55-75-тен 15 жұмыс күніне дейін қысқарады.

«Біз мемлекеттік қолдау бағдарламаларының жариялылығы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық теңгені пайдаланудың әлеуеті зор екенін көріп отырмыз. Оның негізгі артықшылықтарының бірі – бөлінген қаржының орнымен пайдалануын бақылау айтарлықтай жеңілдеп, жақсаруына мүмкіндік беретін цифрлық құралдардың таңбалануы. Бұл келісім озық қаржылық технологияларды енгізудегі маңызды қадам саналады. Серіктестік аясында кәсіпкерлер несиені цифрлық теңгемен алады. Соның арқасында процесс тезірек, ашық және тиімді болмақ. Біз бизнеспен жұмыс істеуде цифрлық теңгенің мүмкіндіктерін кеңейте отырып, осы бағытты одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті «Даму» Қоры Басқарма төрағасының орынбасары Арсен Мұстафин.

Тартылған инвестиция сомасы жылына 12,6%-бен 7 жыл мерзімге 250 млн теңгені құрайды. Қаражатқа клиент жер учаскесі мен жабдық сатып алып, өндіріс ғимаратын салуды жоспарлап отыр. Бірінші жылы 10-ға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өндіріс жылына 1200-1400 тонна өнім шығарады деген болжам бар.

Несие «Даму» Қоры мен Halyk bank арасында «Өрлеу» бағдарламасы аясында, цифрлық теңгемен берілді.

«Halyk»-тың бұл қанатқақты жобаға қатысуы банктің инновацияға деген ұмтылысын және Қазақстанның қаржылық ландшафтын трансформациялауға белсенді қатысатынын көрсетеді. «Даму» Қорымен серіктестік шағын және орта бизнес өкілдері үшін жаңа белестер ашады. Оларға жеңіл рәсімде, аса жариялы түрде цифрлық теңгелей қарыз алуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Ольга Вурос.

Цифрлық теңге – Қазақстанның ұлттық валютасының тек қана Ұлттық банк шығаратын электрондық нұсқасы.  

«Даму» Қоры мен Halyk Bank командалары жүзеге асырған цифрлық теңгені пайдалану сценарийі мұндай ақшаның кәсіпкерлер үшін ыңғайлы етіп, операциялық тәуекелдерді барынша азайтып және қолдау бағдарламаларының толық жариялылығын қамтамасыз етіп мемлекеттік қаржы архитектурасын қалай өзгерте алатынының көрсеткіші болып отыр. Мұндай шешімдер мемлекет, банктер және бизнес арасындағы сенімнің жаңа стандартын жасайды. Біз мұндай механизмдер жылдам масштабталады деп үміттенеміз. Естеріңізге сала кетейін, Президенттің тапсырмасы бойынша цифрлық теңге мемлекеттік шығындар мен субсидиялардың барлық түрлеріне кезең-кезеңімен енгізіліп, елдің неғұрлым тиімді, технологиялық және орнықты қаржы жүйесінің негізін қалыптастыруы тиіс», - деді цифрлық трансформация басшысы, ҚР Ұлттық Банкі төрағасының кеңесшісі Бинур Жаленов.

«Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер Қордың серіктесі – екінші деңгейлі банктерге жүгінуі қажет. Қазір Halyk bank, ЦентрКредит Банк, Forte Bank, Bereke bank, Еуразиялық банк, Freedom Bank, Nurbank, RBK Bank, KZI bank өтінім қабылдайды. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылар Қордың кепілдігін де пайдалана алады.

Бағдарламаның шарттары, сондай-ақ өңірлік филиалдардың мекенжай, деректері жайлы ақпаратты 1408 нөмірлі сall-орталықтан немесе www.damu.kz. сайты арқылы алуға да болады

Ұқсас материалдар