Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Демалыс күндері алдында доллар күрт қымбаттады

Демалыс күндері алдында доллар күрт қымбаттады

Қазақстан. 17 маусым. 7kun.kz – Қазақстан қор биржасында (KASE) демалыс күндері алдындағы доллардың орташа бағамы тағы 4,59 теңгеге көтеріліп, 446,91 теңге болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,90 теңгеге (+0,12) дейін көтерілді. Сауда көлемі 5,4 миллион рубль болды.

Еуроның орташа сараланған бағамы 470,53 теңгеге (+7,86) көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 66,72 теңге (+1,06) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 447-452 теңге, еуро 468-474 теңге, рубль – 7,1-7,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұқсас материалдар