
Инвесторлар АҚШ-тағы жағдайды үрейлене бақылап отыр. Ел президенті Дональд Трамп пен Федералды резервтік жүйе төрағасы Джером Пауэлл арасында текетірес басталды. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Трамп командасы орталық банк басшысын қызметінен босату мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген. Бұл доллар бағамын құлдыратты. Бір күн бұрын оның құны 1 пайызға арзандап, өзге валюталар үшін 98 доллар 38 центке бағаланған. Бүгін тағы құнын жоғалтқан америкалық купюра 97,92 деңгейінде саудаланып жатыр.
Саяси қақтығыстың өршуінен Уолл-стрит те күрт төмендеді. Барлық үш негізгі индекс көрсеткіштері бір мезетте құнын жоғалтты.