Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

​Доллар 3 жылдағы ең төменгі деңгейге құлдырады

​Доллар 3 жылдағы ең төменгі деңгейге құлдырады
Доллар күрт арзандады. Жыл бастала әлемдік экономиканы әбігерге салған көк қағаз 3 жылдық ең төменгі деңгейге бір-ақ түсті.

Инвесторлар АҚШ-тағы жағдайды үрейлене бақылап отыр. Ел президенті Дональд Трамп пен Федералды резервтік жүйе төрағасы Джером Пауэлл арасында текетірес басталды. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Трамп командасы орталық банк басшысын қызметінен босату мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген. Бұл доллар бағамын құлдыратты. Бір күн бұрын оның құны 1 пайызға арзандап, өзге валюталар үшін 98 доллар 38 центке бағаланған. Бүгін тағы құнын жоғалтқан америкалық купюра 97,92 деңгейінде саудаланып жатыр. 

Саяси қақтығыстың өршуінен Уолл-стрит те күрт төмендеді. Барлық үш негізгі индекс көрсеткіштері бір мезетте құнын жоғалтты.

Ұқсас материалдар