2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар мен қытай юаніне сұраныс айтарлықтай артты.
Ұлттық банктің деректеріне сай, доллар сатылымы 120 млрд теңгеден 233 млрд теңгеге өссе, юань сатылымы үш есеге ұлғайды.
Керісінше, еуро мен фунт стерлинг сатылымы төмендеді. Еуро 34,4 млрд теңгеден 13,9 млрд теңгеге, фунт стерлинг 412 млн теңгеден 249 млн теңгеге дейін азайды.
Ресей рублі жалғыз теріс нетто-көрсеткіш көрсетті: қаңтардағы минус 9,5 млрд теңгеден қазанда минус 32,1 млрд теңгеге дейін нашарлаған.
Айырбастау операциялары ең көп Алматы мен Астанада жүргізілді.
Жыл басынан бері барлық негізгі валюталардың бағамы өсті: доллар 540 теңгеге, еуро 629 теңгеге, юань 76 теңгеге, фунт 722 теңгеге, рубль 6,66 теңгеге дейін қымбаттады.





