Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Экс-министр Бишімбаевқа аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген айып тағылған

Экс-министр Бишімбаевқа аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген айып тағылған

Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабы бойынша тергелуде, деп хабарлады Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

«Бишімбаевқа қатысты аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру бабы бойынша іс қозғалды», - деді Өмірәлиев Мәжіліс кулуарында журналистерге.

Оның айтуынша, қылмысты жасырғаны үшін Бишімбаевтың туысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Сол күні онымен бірге болып, полицияға ауыр қылмыс жасалғаны туралы хабарламаған. Оның үстіне бұл қылмысты жасыруға көмектескен. Зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша тергеу органдары сіздерге қосымша ақпарат береді. Бұл ауыр қылмыс болғандықтан, бас бостандығынан айыруға қатысты санкция қарастырылған», - деп түсіндірді Бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, 9 қарашада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен астаналық мейрамханалардың бірінде ұсталды. Кейін полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

12 қарашада полиция департаменті бұл іс аясында тағы бірнеше іс тіркелгенін хабарлады: Қылмыстық кодекстің 432-бабы (қылмысты жасыру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, Гастро орталықтың директорықамалған. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) және 119-бабының 3-бөлігі (қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

43 жастағы Бишімбаев 2016 жылдың мамыры мен желтоқсаны аралығында Қазақстанның Ұлттық экономика министрі болған. 2018 жылдың наурыз айында сот оны 346 миллион теңге көлемінде пара алу, 1,2 миллиард теңге бюджет қаражатын ұрлауға айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда 2019 жылдың ақпанында Бишімбаевқа мемлекет басшысы рақымшылық жасап, қазан айында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

Ұқсас материалдар