Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елдегі жалпы егіс алаңы 23,8 млн гектар болады

Елдегі жалпы егіс алаңы 23,8 млн гектар болады

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, 2026 жылы елде жалпы егіс алқабы шамамен 23,8 млн гектарды құрайды.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға көп. Үкімет отырысында бұл туралы министр Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Министрліктің айтуынша, биыл егіс құрылымы әртараптандырылып, табысы жоғары дақылдардың үлесі арттырылады. Соған сәйкес майлы дақылдар алқабы 55 мың гектарға, азықтық дақылдар 242 мың гектарға, арпа 94 мың гектарға, ал ұйымдастырылған шаруашылықтардағы картоп егісі 10,3 мың гектарға ұлғаяды. Ал бидай алқабы 125 мың гектарға қысқарып, 12,1 млн гектар болады.

Сонымен қатар жүгері өндірісін кеңейту жоспары бар. Биыл оның егіс алқабын 265 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 90 мың гектарға көп.

Ал су пайдалану лимитіне байланысты күріш алқабы 20,2 мың гектарға қысқарады. Мақта егісі 162,4 мың гектарды құрап, оның ішінде тамшылатып суару технологиясы қолданылатын алаңдар ұлғайтылмақ.

Ұқсас материалдар