Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Енді eGov Business арқылы заңды тұлғаның үлесін сенімгерлік басқаруға беруге болады

Енді eGov Business арқылы заңды тұлғаның үлесін сенімгерлік басқаруға беруге болады

eGov Business мобильді қосымшасында кәсіпкерлерге арналған «Жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру» атты жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылды, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

Сенімгерлік басқару қызметі меншік иесі өз үлесіне құқығын сақтай отыра, уақытша басқа тұлғаның басқаруына берген жағдайда қолданылады. Барлық өзгерістер ресми түрде рәсімделіп, мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде тіркеледі.

«Біз eGov Business қосымшасының мүмкіндіктерін үнемі кеңейтіп келеміз. Бұл кәсіпкерлерге артық бюрократиялық рәсімдерсіз көптеген қызметті онлайн алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қосымша кәсіпкерлер арасында кеңінен қолданылып келеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 107 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілі тіркеліп, 1,4 млн-нан астам қызмет көрсетілді. Енді қосымшада жарғылық капиталдағы үлесті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тағы бір маңызды корпоративтік қызмет қолжетімді болды. Бұрын бұл рәсім көп уақыт пен жеке қатысуды талап етсе, енді оны смартфон арқылы бірнеше қадаммен рәсімдеуге болады. Бұл кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, бизнесті жүргізу үдерісін одан әрі жеңіл әрі ыңғайлы етеді», – дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күніне дейін. Қызмет нәтижесін өтінімнің мәртебесі парақшасынан және eGov Business қосымшасының «Хабарламалар» – «Қызметтер тарихы» бөлімінен көруге болады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Аталған қызмет ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, ҚР Әділет министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылған.

Ұқсас материалдар