
Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады:
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.
2011-2013 жылдары Қарағанды облысы, Шахтинск қаласының әкімі;
2013-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
2021 жылғы сәуірден бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.