9–10 қыркүйекте Қазақстан астанасы Еуразия өңірінің инвестициялық және қаржылық мәселелері талқыланатын басты алаңға айналады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) инвесторларды, қаржы және технология секторларының өкілдерін, реттеушілерді, мемлекеттік және квазимемлекеттік институттарды, сондай-ақ халықаралық бизнес өкілдерін біріктіретін IX Astana Finance Days 2026: Delivering Impact. Capital in Action форумын өткізеді.
Капитал үшін жаһандық бәсекелестік күшейіп келе жатқан жағдайда инвесторлар, реттеушілер мен қаржы индустриясының көшбасшылары бас қосатын алаңдар стратегиялық шешімдер қабылданатын маңызды орынға айналуда.
2018 жылы құрылған сәттен бастап Astana Finance Days Еуразия өңірінің капитал нарықтарын дамытуға және Қазақстанда жаңа бизнес мүмкіндіктерін қалыптастыруға ықпал ететін негізгі қаржы форумдарының бірі ретінде танылды.
Жыл сайын форум қатысушылары оның практикалық маңызын атап өтеді: бұл алаң жобаларға, мәмілелерге және ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктерге ұласатын іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. Бизнес үшін серіктестер бір-бірімен кездесіп, қаржылық мәселелер өз шешімін табады, ал форумға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді.
2026 жылы форумға әлемнің 80 астам елінен 5 500-ден астам қатысушы келеді деп күтілуде.
AFD 2026 спикерлерінің қатарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік секторы, ұлттық компаниялар, халықаралық қаржы институттары, сондай-ақ жаһандық инвестициялық және басқарушы компаниялардың өкілдері – Жаслан Мәдиев (Қазақстан Республикасының ЖИЦДМ), Тимур Сүлейменов (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі), Елена Бахмутова (Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы), Кубанычбек Омуралиев (Түркі мемлекеттері ұйымы), Сами Ибрагим Аль-Сувайлем (Islamic Development Bank Institute), Тимур Турлов (Freedom Holding Corp.), Кирилл Хомяков (Binance), Александр Диаковский (ITS), Санжар Жамалов (Mastercard), Ибрахим Жанлыел (Air Astana), Бен Пауэлл (BlackRock), Йылмаз Коджагөз (Goldman Sachs), Джад Эллаун (Brookfield), Афина Мяо (BigONE Eurasia), Дэвид Сол (FTSE Russell), Саллиэнн Тейлор (Bloomberg), Аида Чодулова (Kyrgyz Stock Exchange), Александр Круглов (Telegram/TON), Дрю Гафф (Siguler Guff), Джошуа Чанг (Hong Kong Investment Corporation), Джонсон Чуи (Hong Kong Exchanges and Clearing), Хо Жуйжун (Shanghai Stock Exchange), Барри Чан (CICC) және жаһандық қаржы нарығының басқа да беделді сарапшылары бар.
AFD 2026 практикалық шешімдер әзірлеуге бағытталған тереңдетілген пікірталастар форматында өтеді. Форум қатысушылары жаһандық трендтерді талқылап, бизнес пен инвестиция үшін жаңа бағыттарды зерделеуге, қаржылық қызметтердің кәсіби көрмесіне қатысуға, сондай-ақ инвесторлармен, топ-менеджерлермен және сала көшбасшыларымен іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік алады.
AFD 2026 басты тақырыптары қатарында капитал нарықтары және инвестициялық өнімдер; сенім инфрақұрылымы: реттеу, құқықтық орта және нарықтардың тұрақтылығы; институционалдық ауқымдағы инновациялар; экономиканың нақты секторын қаржыландыру; капитал нарықтарындағы өңірлік және трансшекаралық ынтымақтастық мәселелері бар.
АХҚО экожүйесінің мүмкіндіктері мен артықшылықтарына ерекше назар аударылады. Форум аясында компаниялардың өсу тарихынан бастап халықаралық нарықтарға шығуға дейінгі АХҚО юрисдикциясында бизнесті дамыту кейстері ұсынылады.
Форумның тағы бір маңызды бөлігі – AFD Exhibition көрме алаңы. Ол қаржы институттарын, банктерді, инвестициялық және басқарушы компанияларды, финтех және технологиялық жобаларды бір кеңістікте біріктіреді. Қатысушылар өз шешімдерін, өнімдері мен жұмыс нәтижелерін таныстырады.
Форум дәстүрлі түрде серіктестердің қолдауымен өткізіледі. Олардың қатарында алтын серіктес — Freedom; күміс серіктестер — Solidcore Resources, KAZ Minerals және ITS; қола серіктестер — LMAX Group және Teniz Capital Investment Banking; индустриялық серіктес — Allur; криптосеріктес — Binance; финтех-серіктес — Mastercard; ресми әуе тасымалдаушы — Air Astana, халықаралық медиа-серіктес – Euronews, сондай-ақ серіктестер қатарында Orient Capital Management, Qanat Invest, BI Group, CICC, Roemer Capital (Europe), Abylai Global Solutions, Symphony Digital Assets, Fitch Ratings, AmCham Kazakhstan, Solana, Halyk Finance, MYD Production, Atlas Capital, PwC, Anchorage Digital, Alif, Jupiter Jet, RCS Group, Zubr Capital, Vitis Capital, Amicorp және басқа да ұйымдар бар.
Қатысушыларды тіркеу және форум бағдарламасы Astana Finance Days ресми сайтында қолжетімді https://astanafindays.org/kz
Анықтама: «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе.





