Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Ресейге қарсы 21‑ші санкциялар пакеті дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды АА.
Жаңа шаралар энергетика, қаржы, криптовалюта, сауда және алғаш рет балық шаруашылығы секторын қамтиды. Оның айтуынша, Ресейдің энергетикалық кірістері 2026 жылдың алғашқы айларында шамамен 40%‑ға қысқарған, Ұлттық қордағы өтімді активтердің екіден үш бөлігі сарқылған.
Санкциялар аясында қосымша 31 банкке тыйым енгізу, криптовалюта қызмет көрсетушілеріне толық шектеу қою мүмкіндігі қарастырылуда. Сонымен қатар Ресейдің «көлеңкелі флоты» бойынша бақылау күшейтіліп, санкциялық тізімге тағы 30 кеме қосылады.
Металдар, қорытпалар, дрондарға арналған жабдықтар және әскери өнеркәсіпке пайдаланылатын технологиялар экспортына жаңа тыйымдар енгізу ұсынылды, кейбір металл өнімдері мен автокөлік бөлшектерін импорттауға да шектеулер қойылмақ.
Ресей қарулы күштерінде соғыс басталғалы қызмет еткен адамдарға ЕО аумағына кіруге тыйым салу ұсынылды. Украинаға ай соңына дейін шамамен 6 млрд еуро көлемінде дрондарға қаржы бөлініп, қосымша 3 млрд еуро макроқаржылық көмек көрсетіледі.
Жаңа пакет күшіне ену үшін ЕО‑ның 27 мүшесінің бірауыздан қолдауы қажет. Бүгінде санкциялық тізімде 2 500‑ден астам ресейлік жеке және заңды тұлға бар.





