
Цифрлық технологиялардың дамуымен инвестициялау барлығына бірдей қолжетімді бола бастады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтық жолмен инвестициялық платформаға алданып қалмаудың жолын айтты.
Инвестицияларға деген қызығушылықтың өсуімен қатар, қаржы сарапшыларының атын жамылған алаяқтардың да белсенділігі артты. Олар әсіресе әлеуметтік желілер арқылы белсенді жұмыс істейді.
Кең тараған сценарийлердің бірі – фейк инвестициялық платформа. Қаскүнемдер белгілі компанияларды көрнекі түрде көшіріп, ірі банктердің атынан сайттар жасайды.
Әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнама жасау арқылы мұндай «жобалар» қысқа мерзімде, кейде ең аз инвестициямен жоғары кіріске уәде етеді. Көбіне посттардың астында «көңілі толған инвесторлардың» жалған пікірлерін жариялайды. Роликтерде танымал тұлғалардың нейрожелілердің көмегімен жасалған бейнелерін пайдаланады.
Басты мақсат – сенім ұялату және фейк инвестициялық платформаға ақша салуға көндіру.
Фейк платформаның белгілері:
- бейресми аккаунттардан жарнама;
- сілтеме ресми сайтқа емес, тысқары тараптың ресурсына апарады;
- «кепілдендірілген» жоғары табысқа уәде береді;
- шұғыл әрекет етуге шақырады;
- қосымшаны AppStore немесе GooglePlay арқылы емес, басқа жолмен жүктеу қажеттігі.
Кеңестер:
- Қаржы ұйымдарының лицензияларын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында тексеріңіз.
- Банктер мен компаниялардың ресми сайттарында растамайынша, жарнамаға сенбеңіз.
- Платформаны толық тексермейінше, жеке деректеріңізді немесе ақшаны ешқайда жібермеңіз.