Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Freedom Holding Bilim Group-тің 60% үлесін $19,8 млн-ға сатып алған

Freedom Holding Bilim Group-тің 60% үлесін $19,8 млн-ға сатып алған
Freedom Holding Corp. қазақстандық Bilim Group білім беру технологиялары компаниясының 60% үлесін 19,815 млн долларға сатып алған. Мәміле сомасы холдингтің 2026 жылғы сәуір–қыркүйек айларындағы қаржылық есебінде жарияланды. 

Мәміле 2026 жылғы 9 қыркүйекте аяқталған. Сатып алынған таза активтердің құны 4,292 млн доллар болған, ал мәміле нәтижесінде 15,523 млн доллар көлемінде гудвилл танылған. Бұл сатып алу бағасы мен активтердің есептік құны арасындағы айырма. 

Мәмілені Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 6 тамызда мақұлдаған. Freedom Holding Bilim Group өнімдерін Freedom SuperApp экожүйесіне біріктіріп, EdTech бағытындағы жобаларды дамытуды жоспарлап отыр. Бұған оқушыларға жақсы бағалары үшін бонус беру, білім беру контенті мен зерттеулерге инвестиция салу, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушыларға арналған жасанды интеллект құралдарын дамыту кіреді. 

Bilim Group цифрлық білім беру сервистерін біріктіреді. Олардың қатарында BilimLand, OnlineMektep, iTest, iMektep, Kitap.kz, BilimKids, BilimUstaz, BilimClass және SmartNation платформалары бар. Компанияның негізін қалаушы — Рауан Кенжеханұлы. 

Мәміле мақұлданған кезде Тимур Турлов Freedom Holding-тің EdTech сервистерін Freedom SuperApp-қа біріктіріп, білім беру технологияларын Қазақстан мен Орталық Азияда дамытуға ниетті екенін айтқан.

Айта кетейік, бұған дейін Bilim Group негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлының Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің қатарына енгені туралы хабарлаған едік. 

Ұқсас материалдар