Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

FТ: Дуров ісі Telegram үшін ауыр болуы мүмкін

FТ: Дуров ісі Telegram үшін ауыр болуы мүмкін

Financial Times Telegram-ның 2023 жылғы қаржылық көрсеткіштері туралы жариялады. Компанияның табысы $342 млн, операциялық шығыны $108 млн, салық төлегеннен кейінгі шығыны $173 млн болған. Telegram жеке компания ретінде бұл цифрларды шығармаған еді.

FT Павел Дуровтың ісі Telegram үшін қиын болуы мүмкін, дейді. Мұндай қаржылық көрсеткіштермен мессенджердің бұған дйін айтылғандай  $30 млрд ІРО-ға шығуы қиын. Оның үстіне компанияның $2,4 млрд қарызы бар. Дуров тұтқындалған соң Telegram облигациялары 90 центтен түсіп кетті.

Дуров ісінде платформаның сексуалдық қылмыстарға қатысы бар, деген тұсы да жарнама берушілерді шошытуы мүмкін. Бұл істердің барлығы ретке келуі үшін Дуровтың өзі компанияның басы-қасында болуы керек. Өйткені ол өзін компания акционері немесе иесі емес, өнім жетекшісі ретінде таныстырады. FT жазуынша бұл шынымен де солай.

"Telegram-да 50-ақ адам жұмыс істейді, оның 30-ы өнім жасаушылар, команда өз бетінше жұмыс істей алмайды, өйткені барлық шешімді Дуровтың өзі қабылдайды", деп жазады басылым.

Сондықтан Франциядағы сот ісі жылдам әрі оң шешімін таппаса Telegram-ның болашағы бұлыңғыр болуы мүмкін.

Ұқсас материалдар