Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ғалымжан Есенов Jusan Bank директорлар кеңесінен шықты

Ғалымжан Есенов Jusan Bank директорлар кеңесінен шықты
First Heartland Jusan Bank директорлар кеңесі Қуат Қожахметовті банктің директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен кеткен Ғалымжан Есеновтің орнына келді.
«Банктің ірі акционері болып табылатын Ғ.Есеновтың директорлар кеңесінің құрамынан шығу туралы шешімі корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес келеді, оған сәйкес мажоритарлық акционер банктің қызметіне қатыспайды», - деп түсіндіреді Jusan Bank баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар акционерлер жиналысы банктің басқарма төрайымы Гүлмира Жұмадиллаеваны директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлады.

Қазіргі уақытта директорлар кеңесінің құрамына: Қуат Қожахметов, Жарқынбек Азбеков, Саида Жарболова және Гүлмира Джумадиллаев кіреді.

Қожахметов Цеснабанкте, «Цесна» корпорациясында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде, Ұлттық банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінде,  «Оптима Банк» ААҚ (Қырғыз Республикасы), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» және «АХҚО әкімшілігі» басшылық қызметтерді атқарған. 

2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Jusan Bank Қазақстанда жұмыс істейтін 21 банк арасында активтерінің көлемі бойынша 6-шы орында.

Ұқсас материалдар