Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады.
Бұл қадам инфляция тәуекелдерінің жоғары болып отырғанына және сыртқы факторлардың қысымына байланысты жасалды.
Шілде айында жылдық инфляция 11,8% деңгейінде тұрақтады. Азық-түлік бағасы өсе берсе, қызмет көрсету саласындағы баға өсімі алғаш рет баяулады. Айлық инфляция 0,7% болып, соңғы онжылдықтағы орташа мәннен жоғары қалыптасты. Халықтың инфляциялық күтулері 14,2%-ға дейін артқан.
Сыртқы жағдайлар да ықпал етуде: әлемдік азық-түлік бағасы өсіп жатыр, ал АҚШ-тағы монетарлық саясаттың жұмсаруы күткендегіден баяу жүреді. Ұлттық банк базалық сценарийде Brent маркалы мұнай бағасын барреліне 60 доллар деңгейінде қарастырған.
Инфляцияның жаңа болжамы нақтыланды:
-
2025 жылы – 11–12,5%,
-
2026 жылы – 9,5–11,5%,
-
2027 жылы – 5,5–7,5%.
Экономика өсімі бойынша да оң өзгерістер бар. 2025 жылы ЖІӨ 5,5–6,5% өседі деп күтілуде, бұл – жоғары инвестициялық белсенділік пен тұтынушылық сұраныстың нәтижесі.
Ұлттық банк алдағы айларда инфляция айтарлықтай төмендемесе, базалық мөлшерлемені қайта көтеру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Келесі шешім 10 қазанда жарияланады.
Ұқсас материалдар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





