Президент «Климат өзгерісіне төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы бойынша қаржылық және техникалық келісімнің бірінші фазасына қол қойылғанын айтты.
Жобаны іске асыру Қазақстанның 7 облысында 8 су қоймасы мен жалпы ұзындығы 3450 шақырым болатын 115 каналды, 1 қарсы реттегішті салуға және жөндеуге мүмкіндік береді. Бұл еліміздің аграрлық саласында 332 мың гектардан астам алқапты сумен үздіксіз қамтамасыз етеді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның орнықты экономикалық дамуына ұдайы қолдау көрсеткені үшін Ислам даму банкінің басшылығына алғыс айтты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті. Келісім сомасы – 1,153 млрд доллар, сондай-ақ 3,5 млн доллар көлемінде грант беріледі. Бұл – банктің 51 жылдық тарихындағы ең көлемді қаржыландыру жобасы.
Маңызды құжаттың жай-жапсары туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндады.
Бүгін БҰҰ-ның климатты қорғау конференциясы аясында Қазақстан үкіметі мен Ислам даму банкі арасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстандағы су рестарын дамыту жобасын іске асыру үшін ұзақ мерзімді қаржыландыру шартына қол қойылды. Оған сәйкес Ислам даму банкі Қазақстанға 1 млрд 153 млн доллар көлемінде қаржы бөледі, – деді басшы.
Оның айтуынша, жоба іске асырудың арқасында елімізде 8 жаңа су қоймасы салынады. Сонымен қатар 3,5 мың канал желісі қайтадан салынады. Нәтижесінде елімізде ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылатын суармалы жердің көлемін 330 мың гектарға көбейеді. Жобаның іске асырылуы еліміздің су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңартып, қалпына келтіруге мүмкіндік береді, – деді министр.