Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ислам қаржысы кеңейеді: банктерде шариғат кеңесі пайда болуы мүмкін

Ислам қаржысы кеңейеді:  банктерде шариғат кеңесі пайда болуы мүмкін

Қазақстанда екінші деңгейлі банктерге исламдық банк өнімдерін ұсынуға мүмкіндік беретін «ислам терезелері» моделі енгізілуі мүмкін.

Бұл туралы Мәжілісте жаңа заң жобасын таныстырған кезде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

Бүгінде елімізде тек екі ислам банкі жұмыс істейді. Олар – шетелдік Абу-Даби коммерциялық банкі мен отандық Заман банкі. Олардың банк жүйесіндегі үлесі небәрі 0,5%-дан аз.

Жаңа модель аясында әмбебап банктерге өз лицензиясы негізінде арнайы бөлімше – «ислам терезесі» арқылы исламдық қаржы өнімдерін ұсынуға рұқсат беріледі. Бұл тәжірибе Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Бахрейн және басқа елдерде кең таралған.

Негізгі талаптар:

  • Шариғат кеңесі құрылуы тиіс – ол исламдық өнімдердің дін талаптарына сәйкестігін қарайды;
  • Исламдық операциялар үшін жеке қызметкерлер, бөлек есеп жүргізу және аудит қарастырылмақ;
  • Әрбір өнім шариғат талаптарына сай бекітілуі тиіс.

Әбілқасымованың айтуынша, бұл бастама банктердің жаңа қаржы өнімдерін дамытуына жол ашып, ислам қаржы секторының өсуіне серпін береді.

Ұқсас материалдар