Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

IT компаниялар саны 18 мыңнан асты – Министр

IT компаниялар саны 18 мыңнан асты – Министр

  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет басшысы Олжас Бектеновке берген есебінде атқарылған жұмыстар мен болашақтағы жоспарларға тоқталды.

Министрдің айтуынша, елімізде IT-саланы дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. «Бұл инфрақұрылымды, адами капиталды дамыту, инновациялық ортаны дамытуға арналған қолайлы жағдайлар жасау және венчурлық капиталды ұлғайтуға септігін тигізеді», – деді ол.

«2024 жылы Қазақстанның IT-саласы қарқынды өсуін жалғастырды. IT-компаниялардың саны 18 мыңнан асып, соңғы үш жылда 16%-ға өсті. Осы кезеңде IT-мамандардың орташа айлық жалақысы 54%-ға өсті. Ол 673 мың теңгеге жетті. Бұл білікті кадрларға деген жоғары сұраныс пен бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын көрсетеді. IT саласындағы жұмыспен қамтылғандар саны да 12%-ға өсіп, 187 мың адамға жетті», – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Ұқсас материалдар