Алматы. 23 шілде. 7kun.kz – 2018 жылы еліміздегі кәсіпкер әйелдер төмендетілген пайызбен 10 млн теңгеге дейін несие ала алады, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл бастаманы «Атамакен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы Іскер әйелдер кеңесі қолға алып отыр. Жаңа бағдарлама бойынша осы мақсатта екінші деңгейлі банктерден 1 млрд теңге қаражат бөлінбек. Жеңілдетілген несие, қызмет көрсету, туризм, жол бойындағы бизнес салаларында ерекше жобалары бар нәзікжанды кәсіпкерлерге беріледі. Қазірдің өзінде Ақмола облысында 4 жеке кәсіпкер өтініш білдірген.
Болжам бойынша аймақта 40 шақты кәсіпкер әйел аталған бағдарлама бойынша өз кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алмақ.
Жалпы, қазір өңірде 10 мыңнан астам қыз-келіншек кәсіпкерлікпен айналысады.