«First Heartland Jusan Bank» АҚ басқарма төрағасы Арман Мангитов бүгіннен бастап қызметінен кетті. Басқарма төрағасының міндеттерін уақытша орынбасары – Қаржы директоры Алан Джабаев атқарады.
Jusan Bank Директорлар кеңесінің төрағасы Арман Мангитовке алғысын білдірген.
«Банк үшін қиын кезеңде Мангитов мырза Банктің тұрақтылығы мен бизнестің табысын арттыру мақсатында, қысқа мерзім ішінде жұмыстың даму бағыттарын анықтау бойынша техникалық миссиямен Jusan Bank-ке уақытша шақырылды. Алға қойған мақсаттарын сәтті орындағаны үшін алғыс айта отырып, қызметіне табыс тілеймін», деді Ғалымжан Есенов.
Айта кетейік, Арман Мангитов аталған қызметке 2023 жылдың тамызында ғана тағайындалған еді.