Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қаржы нарығына қатысушылар Ресейдің өзін-өзі реттеу тәжірибесін зерделеп көрмек

Қаржы нарығына қатысушылар Ресейдің өзін-өзі реттеу тәжірибесін зерделеп көрмек
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Қизатов  «Микроқаржыландыру және даму» өзін-өзі реттеу ұйымы («МжД» ӨРҰ) Кеңесінің төрағасы Эльман Мехтиевпен кездесіп, Ресей Федерациясының қаржы нарығына өзін-өзі реттеуді енгізу тәжірибесін талқылады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында өзін-өзі реттейтін ұйымдарды (ӨРҰ) құру және олардың жұмыс істеуі, ӨРҰ-ның қаржы реттеушісімен өзара іс-қимылы, тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері, сондай-ақ Ресей Федерациясының қаржы нарығында өзін-өзі реттеу институтын енгізудің үздік практикалары талқыланды.

Қазіргі уақытта қазақстандық Агенттік микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер нарығында өзін-өзі реттеуді енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл бастама нарық субъектілерінің өзін-өзі реттеуін, сыртқы және ішкі факторларға икемділігі мен бейімделуін арттыру арқылы олардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға бағытталған. Тәжірибе алмасу ынтымақтастықты нығайтуда және Қазақстанның қаржы нарығында өзін-өзі реттеуді енгізудің табысты тәсілдерін қолдануда маңызды қадам болмақ, деп хабарлады агенттік. 

«МжД» ӨРҰ Ресей Федерациясының микроқаржы нарығындағы 313 қатысушыны біріктіретін аса ірі ұйым, олардың үлесіне нарықтың жиынтық несие портфелінің 80%-дан астамы тиесілі.

Кездесуге микро қаржы ұйымдары  мен коллекторлық агенттіктер қауымдастықтарының басшылары да қатысты.

Ұқсас материалдар