Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Kaspi Alipay+ сервисінде Kaspi Pay шотынан төлем жасауды іске қосты

Kaspi Alipay+ сервисінде Kaspi Pay шотынан төлем жасауды іске қосты

Көптеген қазақстандықтар Қытайда сатып алған заттың ақысын Kaspi.kz мобильді қосымшасында Alipay+ сервисі арқылы төлейді.

Жеке кәсіпкерлер де бұл сервисті, мысалы, Қытайдан тауар сатып алу үшін пайдаланатын. Ол үшін алдымен Kaspi Pay бизнес-шотынан Kaspi Gold картасына ақша аудару керек болатын. 

Енді жеке кәсіпкер тікелей Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Alipay+ сервисінде Kaspi Pay шотынан төлем жасай алады. Бұл ыңғайлы және валюталық заңнаманың талаптарына толық сәйкес келеді. 

Сатып алған заттың ақысын Kaspi Pay шотынан төлеу Kaspi.kz серіктестері – барлық ЖК-ге қолжетімді. Толығырақ серіктестерге арналған Kaspi Гид сервисінен оқыңыз.

 

Ұқсас материалдар