Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Kaspi.kz негізін қалаушы Михаил Ломтадзе «Жеңіс» футбол клубына инвестиция салады

Kaspi.kz негізін қалаушы Михаил Ломтадзе «Жеңіс» футбол клубына инвестиция салады

Михаил Ломтадзе елордалық «Жеңіс» футбол клубына және Астанада әлемдік деңгейдегі балалар академиясын құруға инвестиция құймақ. 

Мемлекет басшысының Қазақстанда футболды дамыту стратегиясы аясында Михаил Ломтадзе Астанадағы «Жеңіс» клубының иесі атанды.

Бұған дейін Михаил әлемдік деңгейдегі футбол академиясын құру жоспары туралы хабарлаған болатын. Бүгін академияның Астанадағы «Жеңіс» ФК базасында салынатыны, онда жас таланттар халықаралық стандарттар бойынша тегін жаттыға алатыны белгілі болды.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және тең құрылтайшысы:

«Менің арманым – Қазақстанда және Англияда ең талантты жас футболшылар, болашақ жұлдыздар тәрбиеленетін әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру. Оқыту толығымен тегін болады. Жас спортшылар еліміздің және футболдың отаны – Англияның жетекші мамандарымен жаттығуға мүмкіндік алады.

Футбол – көптеген елдерде мақтаныш көзі болып табылатын, ең көпшілікті қамтитын және тартымды спорт түрі. Заманауи технологиялардың көмегімен біз қазақстандық футболды жаңа деңгейге көтеріп, әлемдік деңгейдегі ойыншыларды тәрбиелей аламыз деп сенемін».


Инфрақұрылымнан бөлек, кәсіби футбол деңгейін арттыруға және барлық деңгейде ойыншыларды жүйелі дайындау үшін жағдай жасауға көңіл бөлінетін болады.

Айдын Қожахмет, «Жеңіс» футбол клубының бас директоры:

«Михаил Ломтадзе сияқты инвестордың келуі – клубтың дамуы үшін үлкен мүмкіндік. Біз футболдың болашағы балалардан, инфрақұрылымнан және заманауи әдістемелерден басталатынын бәріміз түсінеміз.

«Жеңістің» бай тарихы бар, және біз бірлесе отырып, клубтың бұрынғы даңқын қайтара алатынымызға және бүкіл қазақстандық футболдың жарқын болашағына үлес қоса алатынымызға сенімдіміз».

«Жеңіс» клубы 1964 жылы құрылған және Қазақстанның ең көне әрі титулды футбол клубтарының бірі болып табылады. Өз тарихында клуб үш рет Қазақстан чемпионы (2000, 2001, 2006) және үш рет ел Кубогының жеңімпазы (2001, 2002, 2005) атанған.

Ұқсас материалдар