Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

KAZ Minerals атын өзгертіп, қор биржасындағы акцияларының сатылымы тоқтайды

KAZ Minerals атын өзгертіп, қор биржасындағы акцияларының сатылымы тоқтайды

KAZ Minerals Лондон қор биржасы (LSE) мен Қазақстандық қор биржасындағы (KASE) делистингі 2021 жылдың 11 мамырына жоспарланған. Бұл туралы компаниядан хабарлады.

KAZ Minerals британдық қаржы реттеушісі FCA мен қор биржасына, сондай-ақ қазақстандық қор биржасына тиісті өтініш берген. Листингтен шығару өтініш берген күннен бастап 20 күнде, яғни 11 мамырда жүзеге асуы тиіс.

Ал 12 мамырда компанияны қайта тіркеу үшін акционерлер жиыны өтпек. Онда компанияның аты KAZ Minerals Limited деп өзгертіліп, жаңа жарғы қабылдануы мүмкін.

Айта кетейік, KAZ Minerals қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші, сондай-ақ, цинк, күміс, алтынды қа өндірушілер қатарында.

Ұқсас материалдар