Қазақмыс корпорациясы 2026-2028 жылдарға арналған қауіпсіздік стратегиясын бекітті
Қазақмыс корпорациясы 2026-2028 жылдарға арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды трансформациялау стратегиясын бекітті.
Стратегиялық сессия компания басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің төрағалығымен өтті. Оның айтуынша, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы – басты басымдық, ал қауіпсіздік талаптары толық сақталмайынша өндірістік жұмыстарға жол берілмейді.
Жаңа стратегия «нөлдік жарақаттану» қағидатына негізделіп, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру мен қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бағытталған.
Құжат аясында Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі орталық комитет құрылып, оның отырыстары тұрақты түрде өткізіледі. Сонымен қатар өндірістік деңгейде ай сайынғы бақылау тетіктері енгізіледі.
Компанияда 2026 жыл Қауіпсіздік жылы болып жарияланды. Осы кезеңде басқару жүйесін жетілдіруге, тәуекелдерді талдауға және қауіпсіздік стандарттарын күшейтуге ерекше назар аударылады.
Стратегияның негізгі мақсаты – өндірістегі жарақаттану деңгейін төмендету және өліммен аяқталатын оқиғалардың алдын алу.





