Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан алғаш рет Алжирге ірі көлемде бидай экспорттады

Қазақстан алғаш рет Алжирге ірі көлемде бидай экспорттады

Қазақстан 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында Алжирге 390 мың тонна бидай экспорттады.

Осылайша, алғаш рет бұл нарыққа 100 млн доллардан астам көлемде жеткізу жүзеге асырды.

Экспорттың өсуіне 2025 жылы көлік шығындарын субсидиялау және сыртқы саясат деңгейіндегі қолдау ықпал етті. Қазақстанның Алжирдегі Елшілігі тиісті мемлекеттік ұйымдармен келіссөздер жүргізіп, қазақ бидайының сапасын таныстырды. Алжирдің дәнді дақылдар жөніндегі мемлекеттік кеңсесі бидай сапасын жоғары бағалап, сатып алуға қызығушылық білдірді.

Алжир – жыл сайын 9 млн тоннаға дейін жұмсақ бидай импорттайтын әлемдегі ең ірі сатып алушылардың бірі, сондықтан Қазақстан үшін бұл нарық үлкен экспорттық мүмкіндік болып отыр. Бұдан бөлек, ел Алжирге ет, бұршақ және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді де ұлғайта алады.

Ұқсас материалдар