Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан Азия даму банкінен 400 млн доллар қарыз алмақ

Қазақстан Азия даму банкінен 400 млн доллар қарыз алмақ

Сарыағашты айналып өтетін жаңа жол Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырады.

Қазақстан Үкіметі Азия даму банкінен мемлекеттік кепілдікпен 400 миллион АҚШ доллары көлемінде қарыз алуға келісім жасасты. Бұл туралы kapital.kz порталы хабарлайды.

Қаржыландыру шекара маңындағы көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталады. Атап айтқанда, жоба Өзбекстанмен шекарадағы көлік ағынын жеңілдетіп, өңірлер арасындағы байланысты жақсартуға мүмкіндік береді.

Азия даму банкінің Қазақстандағы директоры Утсав Кумардың айтуынша, жол құрылысы елдің транзиттік әлеуетін едәуір арттырады.

«Сарыағашты айналып өтетін жол Қазақстанның Шығыс Азия мен Батыс Еуропа нарықтарымен сауда-логистикалық байланысын нығайтады. Бұл елдің өңірлік транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтеді», – деді Кумар.

Сарапшылардың пікірінше, жоба жүзеге асқан жағдайда Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесі жаңа деңгейге көтеріліп, халықаралық сауда бағыттарында маңызды буынға айналмақ.

Ұқсас материалдар