Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан І тоқсанда электр энергиясы бойынша профицитке шықты

Қазақстан І тоқсанда электр энергиясы бойынша профицитке шықты

Қазақстан І тоқсанда электр энергиясы бойынша профицитке шықты. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті.

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның энергетикалық жүйесі негізгі көрсеткіштердің тұрақты оң динамикасын көрсетті.

Алғашқы 3 айда электр энергиясын өндіру көлемі 33,7 млрд кВт·сағ құрады, ал тұтыну 33,6 млрд кВт·сағ жетті. Осылайша, генерация профициті 100 млн кВт·сағ деңгейінде қамтамасыз етілді, бұл энергия жүйесінің теңгерімді жұмысын растайды.

Биыл елімізде дәстүрлі және жаңартылатын энергияның 2,6 ГВт қуатын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Биыл 4 бу-газ қондырғысы, 2 жел электр станциясы, 4 күн электр станциясы іске қосылып, екі электр станциясын кеңейту жоспарланған.

Бұл жобаларды іске асыру 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығы мәселесін толық шешуге, ал 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Ұқсас материалдар