Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен ЕО визаны жеңілдету жөніндегі ресми келіссөздерді бастады

Қазақстан мен ЕО визаны жеңілдету жөніндегі ресми келіссөздерді бастады

Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету және реадмиссия туралы келісімдер бойынша алғашқы ресми келіссөздер раундын өткізді.

Келіссөздерге ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Еуропалық комиссияның Миграция және ішкі істер жөніндегі бас директораты бас директорының орынбасары Йоханнес Лухнер төрағалық етті.

Бұл келіссөздер Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік туралы келісімге 10 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр. Тараптар жаңа диалогтың басталуы екі жақ арасындағы сенімнің артып, азаматтар үшін мүмкіндіктердің кеңейгенін көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар бұл – ЕО мен Орталық Азия елінің арасындағы алғашқы визалық келіссөздер процесі.

Қазақстан мен ЕО өзара көзқарастарымен алмасып, алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады. Келіссөздер сапарларды жеңілдетуге, гуманитарлық байланыстарды күшейтуге және ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Ресми келіссөздердің басталғаны 1 желтоқсанда Брюссельде өткен Қазақстан–ЕО ынтымақтастық кеңесінің 22-ші отырысында жарияланған. Тараптар келіссөздерді жалғастырып, келесі раундты 2026 жылы Астанада өткізуге келісті.

Ұқсас материалдар