Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда айналымы 954,4 млн долларға жетті

Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда айналымы 954,4 млн долларға жетті

Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты өсім көрсетіп отыр.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Астанада Қазақстан-Сингапур саяси консультацияларының бесінші раунды өтіп, оған ҚР СІМ министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Сингапур СІМ Тұрақты хатшысының орынбасары Кевин Чеок қатысты.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогты нығайту, шарттық-құқықтық базаны кеңейту және жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға дайындық білдірілді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда айналымы 954,4 млн АҚШ долларына жетіп, оң динамика көрсеткен. Тараптар қаржы, цифрландыру, «ақылды» қалалар, жасыл экономика, көлік-логистика, білім беру және инновациялар салаларында серіктестікті кеңейту әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанның транзиттік-логистикалық мүмкіндіктері сингапурлық бизнес үшін Еуропа мен жаһандық нарықтарға шығудың тиімді бағыты ретінде қарастырылды.

Келіссөздер аясында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен АСЕАН шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері де талқыланды.

Кездесу қорытындысында тараптар тұрақты саяси диалогты жалғастырып, екіжақты әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екенін растады.

Ұқсас материалдар