Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Өзбекстан астық тасымалын ұлғайтуға келісті

Қазақстан мен Өзбекстан астық тасымалын ұлғайтуға келісті

Қазақстандық делегация Өзбекстанмен келіссөздер өткізіп, «Сарыағаш»  теміржол түйісу пункті арқылы астық тасымалын тұрақтандыру жөнінде ортақ шешімдерге келді.

Тараптар тәуліктік пойыз алмасуды 35 жұпқа дейін арттыруға, Өзбекстанның күн сайын кемінде 10 астық тиелген пойыз бен 5 жабық вагон қабылдауына келісім берді. Жүк тиеу-түсіру, кірме жолдар және бақылаушы органдар мереке, демалыс күндері де үздіксіз жұмыс істейтін болды.

Сондай-ақ астық экспортын өзбек кәсіпорындарының бос қуатына сай жоспарлау және бос вагондар айналымын үйлестіру жөнінде уағдаласты. Бұл шешімдер қазақстандық астықты Өзбекстанға және өңір елдеріне уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді.

Биыл 11 айда екі ел арасындағы жүк тасымалы 16%-ға өсіп, 28,5 млн тоннаға жетті. Оның ішінде астық тасымалы 32%-ға өсіп, 5,6 млн тонна болды.

Ұқсас материалдар