
Жыл қорытындысы бойынша мұнай экспорты 70,5 млн тонна деңгейінде болады күтіліп отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.
Министр 2025 жылғы қаңтар-маусым айларындағы отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайы туралы баяндады.
«Есепті кезеңде мұнай өндіру көлемі 49,9 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,6% құрады. Осы жылғы қорытынды бойынша мұнайды өндіру 96,2 млн тонна деңгейінде күтілуде. Есепті кезеңде мұнай экспорты 39,6 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,9% құрады», – деді Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, осы жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 70,5 млн тонна деңгейінде болады күтіліп отыр.