Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басшысы Ерсайын Нағаспаев елде отандық автокөлік өндірісінің кеңеюі бағаның төмендеуіне ықпал етуі мүмкін екенін айтты.
Министрдің мәліметінше, 2025 жылғы қаңтарда автокөлік бағасы жалпы нарықта 105%-ға өскен, ал Қазақстанда өндірілген көліктер бойынша өсім 101% деңгейінде болған.
«Қазақстандық зауыттар жыл сайын шығарылатын маркалар қатарын көбейтіп келеді. Нарыққа жаңа модельдер шыққан сайын баға міндетті түрде төмендейді. Сонымен қатар отандық өндірістің артуы қытайлық автокөліктердің бағасына да әсер етеді», – деді Ерсайын Нағаспаев.
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





