Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда дербес деректер үшін айыппұл 21 млн теңгеге дейін өседі

Қазақстанда дербес деректер үшін айыппұл 21 млн теңгеге дейін өседі

Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі   Жаслан Мәдиев азаматтардың дербес деректерін қорғауға қатысты жаңа шаралар енгізілетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа өзгерістер Қазақстан Конституциясы аясында бекітілген нормаға негізделген. Бұл норма жеке деректердің заңсыз таратылуына қатысты жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Жаңа талаптарға сәйкес:

  • дербес деректердің таралу фактілері туралы уәкілетті органға және азаматтардың өзіне хабарлау міндетті болады;

  • деректерді өңдеу басталғаны туралы да мемлекеттік органдарға алдын ала ескерту қажет;

  • дербес деректердің жаппай таралуы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.

Сонымен қатар әкімшілік айыппұл көлемі едәуір ұлғаяды. Енді ол 5000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін жетіп, 21 млн теңгеден асады.

Министрдің сөзінше, бұл шаралар азаматтардың жеке мәліметтерін қорғауды күшейтуге және заңсыз тарату жағдайларын азайтуға бағытталған.

Ұқсас материалдар