Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр брифинг барысында айтты.
Екінші станция сияқты, үшіншісін де Қытайдың CNNC корпорациясы салуы мүмкін.
Қазір Атом энергиясы агенттігі мен «Электрлік атом станциялары» мамандары құрылысқа қолайлы орындарды зерттеп жатыр.
«Станция маңында тұрақты су көзі міндетті түрде болуы керек. Сондай-ақ электр энергиясын беретін аймақтар да нақтылануы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыс жүріп жатыр. Биыл нақты орны жария етіледі», – деді Роман Скляр.
Бұған дейін алғашқы АЭС-тің Балқаш көлі маңында 2030 жылы салына бастайтыны хабарланған.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





