Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандық банк басшылары экономиканы кредиттеудегі өзекті мәселелерді талқылады

Қазақстандық банк басшылары экономиканы кредиттеудегі өзекті мәселелерді талқылады
Фото: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі 

Ұлттық Банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қатысуымен қаржы секторын дамыту мен экономиканы кредиттеудегі өзекті мәселелерді талқылау үшін екінші деңгейлі банк басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Кездесуде банктердің нақты секторға беретін кредит көлемін ұлғайту, «Даму арқылы  арнайы кепілдік қорын құрып, шағын және орта бизнеске берілетін кредиттерге кепілдік беру тетігін құру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ, синдикатталған (бірлескен) қаржыландыру және ортақтаса қаржыландыру арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру жұмысын жандандыру және Жобалық офис мәртебесін күшейту жөнінде шешім қабылданды.

Сонымен қатар азаматтарға мерзімі өткен кредиттерге қатысты проблемаларды шешуге көмек көрсету, проблемалық қарыздар мен халықтың борыштық жүктемесінің деңгейін төмендетуге қатысты механизмдерді ұсыну мәселесі де талқыланды. 

Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде Цифрлық теңгені ендіру, Антифрод-орталық пен ұлттық төлем жүйелерін одан әрі дамыту жөніндегі бастамаларды іске асырудың ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат ұсынылды.

Жаңа әзірленіп жатқан банктер туралы заң аясында Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын, оның жұмыс істеу қағидаттарын, қатысушылар арасында жауапкершілікті бөлуді және қаржы нарығының барлық қатысушылары үшін оның сервистеріне қосылу міндеттілігін қоса, заңнамалық тұрғыдан бекіту жоспарланған.


Ұқсас материалдар