Қазақстандық кәсіпкерлер қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 815 млн теңге бөледі
Қайырымдылық бастамасына еліміздің әр өңіріндегі бизнес өкілдері қосылды. Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының хабарлауынша, қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына тікелей беріледі.
Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен Integra Construction KZ бас директоры Шахмурат Муталип қаза тапқан әскери қызметшілердің әрбір отбасына 25 млн теңгеден жолдайды.
– SA Construction Group бас директоры Гаджи Гаджиев отбасыларға көмекке 100 млн теңге, Karazhal Operating негізін қалаушы Жұмабек Жанықұлов 50 млн теңге бөледі. Бақыт Атайбеков, Дмитрий Лактюшин және Имамзада Шағыртаев 10 млн теңгеден бөледі. Геннадий Зенченко, Акбаржон Исмаилов, Александр Куприенко, Сырым Ертаев және Лугмар Буларов 5 млн теңгеден жібереді, – деп хабарлады Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы.
Сонымен қатар бастамаға Николай Арсютин, Рафаил Гаджибалаев, Манас Ташыбеков, Латипша Асанов және Абдулла Исматуллаев қосылды. Олардың әрқайсысы қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға 1 млн теңгеден бөледі.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





