Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандықтар арасында алтынға сұраныс күрт артты

Қазақстандықтар арасында алтынға сұраныс күрт артты

Қазақстандықтар соңғы айларда алтын құймаларын белсенді түрде сатып алып жатыр.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес айырбастау пунктері халыққа жалпы салмағы 409 килограмм болатын 9 110 алтын құйма сатқан.

Тек шілде-қыркүйек айларында сатылған алтын көлемі 438,4 килограммды құрап, 8 302 құйма өткізілген.

Ең көп алтын сатылған өңірлер:
  • Алматы – 5 874 дана (71%),

  • Астана – 600 дана (7%),

  • Қарағанды облысы – 460 дана (6%).

Алтын құймаларын қазақстандықтар Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank және Банк ЦентрКредит бөлімшелерінен, сондай-ақ жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінен сатып ала алады.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері жалпы 246 882 алтын құйма сатылған, олардың жиынтық салмағы 8,6 тоннаға жеткен.

Ең танымал құймалар:
  • 10 грамдық құйма – 63 740 дана (26%),

  • 5 грамдық – 53 978 дана (22%),

  • 100 грамдық – 50 779 дана (21%),

  • 20 грамдық – 44 707 дана (18%),

  • 50 грамдық – 33 678 дана (13%).

Ұлттық банк әрбір алтын құйма айнадай беті, микротексті және бедерлі жиегі бар арнайы қаптамада шығарылады деп атап өтті. Бұл қаптама өнімді зақымданудан қорғап, сапа сертификатының қызметін атқарады.

Мамандардың айтуынша, алтын құймалары халық үшін сенімді және өтімді инвестиция құралы. Өйткені банктер мен айырбастау пунктері алтынды сол күні-ақ кері сатып алып, клиентке ақшасын бірден қайтара алады.

Ұқсас материалдар