Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанның IT экспорты 1,1 млрд долларға жетті

Қазақстанның IT экспорты 1,1 млрд долларға жетті

Қазақстанның IT экспорты 2025 жылы 1,1 млрд долларға жетті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, көрсеткіш бір жылда 60%-ға өсіп, 2024 жылғы 690 млн доллардан артқан.

Премьер-министр елімізде цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға арналған құқықтық база қалыптасқанын, Digital Kazakhstan стратегиясы қабылданып, биыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланғанын айтты. Сондай-ақ AI Sana бағдарламасы аясында 1 миллионнан астам адам жасанды интеллект негіздерін меңгерген.

Сонымен бірге Олжас Бектенов IT саласындағы жаһандық бәсекенің күшейіп жатқанын айтып, экспорт көлемін одан әрі арттыру үшін белсенді жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Ұқсас материалдар