Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34%-ға қысқарады

Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34%-ға қысқарады

Қазақстанда көмір генерациясын дамытуға бағытталған ұлттық жоба бекітілді.

Құжат аясында жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы нысандарды жаңғырту көзделген.

Жоба шеңберінде «таза көмір» технологияларын енгізу жоспарланып отыр. Жаңа станциялар жоғары бу қысымы мен температура параметрлерінде жұмыс істейді. Бұл электр энергиясын өндіру тиімділігін 5–6%-ға арттырып, көмір шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, экологиялық жүктемені төмендету үшін заманауи тазарту жүйелері орнатылады. Олардың қатарында шаң мен күлді ұстайтын электрофильтрлер, қап сүзгілер, азот оксидтерін азайтатын каталитикалық жүйелер және күкірт қосылыстарын жоятын қондырғылар бар.

Қолданыстағы станциялар да кезең-кезеңімен жаңғыртылып, озық қолжетімді технологиялар енгізіледі.

Мамандардың бағалауынша, ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде көмір электр станцияларындағы зиянды шығарындылар көлемі 34%-ға дейін қысқарады. Сонымен қатар энергетикалық жабдықтардың тозуы азайып, елдің энергия жүйесінің сенімділігі артады.

Ұқсас материалдар