Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қолма-қол ақша жасайтын 81 топ әшкере болды – ҚМА

Қолма-қол ақша жасайтын 81 топ әшкере болды – ҚМА

Биыл Қазақстанда әртүрлі көзден түсетін ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыратын 81 топ әшкере болған екен.

Бұл туралы бүгін үкіметте Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мәлім етті.

Од бүгін үкіметте көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша агенттіктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндаған болатын.

«Жылдың басынан бері қаражат айналымы 24 млрд теңге болатын 81 қолма-қол ақша жасайтын топ әшкере болды. Қылмыстық кірістерді жылыстату схемаларына тартылған 130 крипто-биржаның қызметін тоқтаттық», – дейді ол.

Бижановтың айтуынша, көлеңкелі өндіріске қарсы күрес аясында темекі және алкоголь өнімдерін шығаратын 18 жасырын цех жойылған.

«Бұдан басқа, көлеңкелі айналымнан жалпы құны 12 млрд теңге болатын вейптер жойылды, бұл заңсыз нарық ауқымын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. 62 жасырын казино жойылды», дейді ол.

Ұқсас материалдар