Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қор биржасында доллар қымбаттап келеді

 Қор биржасында доллар қымбаттап келеді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,14 теңгеге өсіп, 462,91 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 461,55 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 458,84 теңгеден сатып алынады, 465,84 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 536,85 теңге, сату – 546,85 теңге;

– рубль: сатып алу – 5,89 теңге, сату – 6,20 теңге.

– юань: сатып алу – 67,18 теңге, сату – 73,02 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 461,00 теңгеден сатып алынады, 463,34 теңгеден сатылады. Еуро 541,00 – 546,23 теңге, ал рубль 5,96 – 6,09 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,30 теңгеден сатып алынады, 70,21 теңгеден сатылады.

Ұқсас материалдар