Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қосымша құн салығы: Салық кодексіне қандай өзгеріс енді?

Қосымша құн салығы: Салық кодексіне қандай өзгеріс енді?

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин cалық кодексіне енгізілген өзгерістерді таныстырды.

Азамат Амриннің айтуынша, 6 жұмыс тобы Қазақстанның өңірлерін аралап, мыңдаған кәсіпкерлермен сөйлескен. Кейін ҚҚС мәселесі бойынша ұжымдық келісімге келген.  Вице-министр 16% – елдегі жалпыға бірдей белгіленген мөлшерлеме екенін айтты. 

«Біз қосылған құн салығының сараланған мөлшерлемесін ұсынып отырмыз. Жалпы белгіленген мөлшерлеме 16% базалық мөлшерлеме. Екінші нұсқа – агроөнеркәсіп кешенін ҚҚС-тан толық босату. Бұл ретте өз еркімен есепке тұру құқығын сақтаймыз», – деді ол.  

Азамат Амриннің айтуынша, туризм, IT, шығармашылық индустрия және азық-түлік өндірісі сынды салаларда 10% мөлшерлемені бекіту жоспарланып отыр. 

«Фармацевтика индустриясы, медициналық қызметтер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесі 10% деңгейінде белгіленеді», – деп мәлімдеді ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин. 

Министрлік заңнамалық бастамалар пакетін әзірледі.  Оларды іске асыру модельдің қаржылық тұрақтылығының көкжиегін алдағы 10 жылға кеңейтуге мүмкіндік береді екен. 

Ұқсас материалдар