Абай облысына қытайлық инвесторлар жалпы құны 2,5 млрд доллар болатын жобаларды жүзеге асырады.
Бұл туралы Бейжіңде облыс әкімі Берік Уәли мен қытайлық компаниялар арасында жасалған меморандум аясында белгілі болды.
Инвестиция көлік-логистика, тау-кен өндірісі және құрылыс салаларына бағытталады. Jiachen Group компаниясы 1 млрд доллар инвестиция құйып, Қазақстанда алюминий зауытын салуды жоспарлап отыр. Жоба аясында кемінде 2 мың жұмыс орны ашылады.
Сондай-ақ DDS Group компаниясы Мақаншы ауданындағы Бақты ауылында құны 1,5 млрд доллар болатын, аумағы 3 мың гектарды қамтитын өнеркәсіптік парк салмақ.
Инвесторлармен жұмысты күшейту мақсатында Үрімжі қаласында «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдігі ашылды.





