Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қытай Еуроодақ шешіміне қарсы ДСҰ-ға шағымданды

Қытай Еуроодақ шешіміне қарсы ДСҰ-ға шағымданды

Қытай билігі Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) Еуроодақтың  қытайлық электромобильдер импортына 35,3%-ға дейінгі баж салығын енгізуіне байланысты шағым жолдады, деп хабарлайды South China Morning Post. 

«Сәрсенбі күні Қытай Сауда министрлігінің мәлімдемесінде  ЕО-тың қытай электрокөліктеріне арнайы баж салу туралы шешімін қабылдамайтыны айтылды», - деп хабарлады газет.

Министрлік «Қытай компаниялардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады», - деп мәлімдеген.

Ведомство Бейжің сауда келіспеушіліктерін диалог арқылы шешкісі келетінін және Қытайдың ЕО-пен осы тақырып бойынша кеңестердің жаңа раундын өткізіп жатқанын және Еуропалық Одақтың сындарлы көзқарасына сенетінін қосты.

Қытайдың электрлік көліктеріне қатысты тергеуді Еуропалық Комиссияның (ЕК) төрағасы Урсула фон дер Лейен 2023 жылы 13 қыркүйекте Еуропарламентте Еуропалық Одақтың жағдайы туралы сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Бір күн бұрын жарияланған ЕК коммюникесінде арнайы тергеу нәтижелері бойынша қытайлық экспорттаушыларға келесі көлемде баж алымын енгізу туралы шешім қабылданғаны айтылды: BYD – 17,0%, Geely – 18,8%, SAIC – 35,3%.

 

Ұқсас материалдар