Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық Банк алаяқтардың жаңа схемалары пайда болғанын ескертеді

Ұлттық Банк алаяқтардың жаңа схемалары пайда болғанын ескертеді

Ұлттық Банк сот ісі мен шешімдері аясында жасалған «жеке сот орындаушыларының» жалған құжатын ұсыну арқылы алдайтын алаяқтардың жиілеп кеткенін ескертеді.

Қаражат жымқыруды көздейтін қаскөйлер өздерін жеке сот орындаушысы ретінде таныстырып, азаматтарға жалған құжаттар жібереді. Онда азаматтарға тиесілі Ұлттық Банкте «жеке тұлғалардың ашық және сақтандырылған шоты» бар деп алдайды.  Сол үшін жәбірленуші тарап ретінде азаматтарға ақшалай төлемдер мен өтемақылар төленеді деген сылтаумен кейін «Ұлттық Банктің қаражатынан» өтеледі деп сақтандыру жарнасын енгізу керек екенін алға тартады.

Азаматтарды сендіру үшін мемлекеттік органдардағы «уәкілетті тұлғалардың» немесе жеке сот орындаушысының қолы мен аты-жөні жазылған және мөр басылған жалған құжаттарды көрсетеді. Мұндай «растаушы құжаттар» азаматтарды үшінші тұлғаға ақша аударуға сендіру үшін көрсетіледі.

“Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, азаматтардың қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайтынын, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын еске саламыз”, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, алаяқтардың арбауына тап болғандарға, тиісті арызбен құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.

Ұқсас материалдар